#sahabakz 1. Құран әдебін бойына сіңіріп, соған сай өмір сүру. 2. Әр істі «бисмилләмен» бастау. 3. Сәлем беру және сәлемге жауап қайтару. 4. Адамдармен қол алысу, қажет болса құшақтасу. 5. Адамдардың хал-жағдайын сұрау, амандық- саулық сұрағанға жауап қайтару. 6. Қай жерде немесе қай жаста болмасын ілім үйрену. 7. Үйренген ілімін адамзаттың пайдасына қолдану, оларды басқаларға үйрету және білген ілімдерін бөлісу. 8. Бір хабарды жеткізгенде сүйіншілеу және жеңілдету. 9. Адамдардың істеген нәрселерін ниеттеріне қарай бағалау. 10. Жастық шақтың қадірін білу. 11. Уақытты бағалай білу. 12. Денсаулықтың қадірін білу, рух және дененің саулығын қорғау, денсаулыққа зиян тигізетін нәрселерден сақтану. 13. Аурудың емін іздеу. 14. Адамдардың әрдайым қолданысына жарайтын еңбектер жазып, қайырлы, пайдалы мирас және өшпес үлгі қалдыру, еңбек ету мен жақсы әдетті дамыту. 15. Өзінің мамандығының шеңберінде ғана сөз сөйлеп, жұмыс істеу. 16. Халықтың Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қолдап, оны әрі қарай жандандыру. 17. Бір қателікті екі рет қайталамай ақылдылықпен, парасаттылықпен әрекет ету. 18. Екі күні бір-біріне ұқсамай, үнемі алға жылжуға және өзгеріс енгізуге тырысу. 19. Сөйлегенде байсалдылық танытып, қанағаттанарлық дәрежеде сөйлеу. 20. Пайдалы сөз сөйлеу не болмаса үндемеу. 21. Нақты әрі түсінікті тілде және қасындағы адамның дәрежесіне қарап сөйлеу. 22. Кішіпейіл, инабатты болу. 23. Жылы жүзді болу. 24. Аз күлу. 25. Қорқақ болмау, батыл бола білу. 26. Мұсылмандарды бауыр санап, олардың қуанышымен бірге қуану, мұңлы және қайғылы сәттерін бірге бөлісу. 27. Адамдардың бәрін бірдей Алланың жаратқан құлдары деп білу, оларды құрметтеу және оларға сүйіспеншілікпен қарау. 28. Табиғаттағы тіршілік иелерін және жан- жануарларды қорғау. 29. Үлкендерді құрметтеп, кішілерге мейірімділік пен қайырымдылық көрсету. 30. Үш күннен артық ренжімеу және ренжіскендердің арасын татуластыру. 31. Ағайын-туыстарғажәнежора-жолдастарға барып тұру. 32. Уәдесіне берік болу; ағайын-туыс, жора- жолдастармен қарым-қатынасты үзбеу.   33. Балаларға жақсы ат қою. 34. Дүниеге келген бала үшін шүкір құрбандығын (ақиқа) шалу. 35. Жеті жастан кейін балаларға дінді үйрету. 36. Балалардың арасын бөліп-жарып қарамау. 37. Отбасының тәртібі мен тұрақтылығына мән беру; ерлі-зайыптылардың бір-бірінің құқықтарына құрмет көрсетулері; отбасын басқаруда отағасының белсенді рөл атқаруы. 38. Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерін жақсы көріп, құрмет көрсетулері және бір-бірлерінің ар- намыстарын, абыройларын қорғаулары. 39. Ауруларды зиярат ету. 40. Қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айту. 41. Көршілерге қарайласу. 42. Кейбір намаздарда парыздан бұрын, кейбіреуінде парыздан кейін сүннет намаздарын оқу, мүмкіндігінше нәпіл намаздарды оқуға тырысу. 43. Мүмкіндігінше жамағатпен намаз оқуға тырысу. 44. Дәретпен жүру. 45. Адамдарды жиіркендіретін лас, жағымсыз иіс, ұнамсыз көрініс, киім және жаман іс- әрекеттер мен сөздерден сақтану. 46. Дұға жасағанда қолды көтеру және бет сипау. 47. Дүйсенбі күндері ораза ұстау. 48. Адамдарға Исламды жеткізгенде әдептілік пен сыпайылық танытып, түсіністікпен қарап, бірбеткейліктен аулақ болу. 49. Адамдардың қажеттіліктеріне қол ұшын беру. 50. Басшылардың әділетті, сөздеріне берік, мейірімді болулары және төңірегіндегілермен ақылдасулары.

Теги других блогов: Құран әдебі өмір сүру